АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан «Ұлттық пантеон» салу деңгейіне жеткендіктен бұл жобаны жүзеге асыруға міндетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Ұлттық пантеонның» құрылысы біздің тарихта алғаш рет болмақ. Бұл тұрғыда халықаралық тәжірибе де жетерлік. «Ұлттық пантеондар Франция, Австрия, Германия және өзге де алдыңғы қатарлық елдерде бар. Біз «Ұлттық пантеонды» салуға міндетті деңгейге жеттік»,-деді министр.
Оның сөзінше, қазіргі кезде пантеоннның тұжырымдамасы ғалымдармен бірге даярланып жатыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.