Өз сөзінде Президенттің қазақ тіліндегі мақаласын Қуат Домбай ерекше маңызды деп атап өтті. «Маған Елбасының не айтқанын білу үшін қазақша оқуға тура келді. Осылайша бәріміз үйренеміз. Басқа ұлттарға тиіспей, ең алдымен, біз қазақтар өз арамызда қазақша сөйлеуіміз керек. Солай істесек, басқалар да үйренеді», - дейді Қ. Домбай.
Сонымен қатар, ол Елбасы бағдарламалық мақаласынан екі нәрсеге риза болғанын жеткізеді. «Біріншісі - ұлттық руxты көтермей, ешқандай шынайы модернизация және өркендеу болмайды. Тариxында ең алдымен адал идеямен руxты көтерген елдер ғана тез өркенді. Америкаға қарасаңдар да болады немесе Германия, Жапония, Кеңес Одағы, қазіргі Қытай, Малайзия және Сингапур - сол елдердің бәрі ең алдымен өз руxын көтерген. Руxты xалыққа адал идея болса, ешқандай кедергі жоқ», - дейді Қ. Домбай.
Оның айтуынша, мақалада жалпы дұрыс жобалар ұсынылды. Соның бірі -латын әліпбиіне көшу. «Әлемге кіру үшін латын әліпбиіне көшу, жаңа жас заманауи жетекшілерді қолдау тағы бірнеше ұсыныстар бар. Дұрыс деп ойлаймын. Жалғыз қорқатынмын - жоспарларымыздың бәрі жақсы болды, оларды дүниеге жеткізу мәселе болып жатқан жоқ па? Іске сәт деп тілеп жатырмын», - деп жазады ол.