Орталықтың мәліметінше, коронавирус инфекциясын ПТР-тест әдісімен анықтау мемлекеттік тапсырысы бойынша жасалатын зерттеулердің көлемі өте көп болып отыр.
«Тест тапсырушылар қатарында науқастармен байланысқан адамдар, пациенттер, медқызметкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алуды уақытша тоқтататамыз» делінген орталық хабарламасында.