Ұлттық спорт: І Азия чемпионатында көкпаршылардан кімдер қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16-21 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Ұлттық спорт ойындарынан жастар арасында өтетін І Азия чемпионатына командалық көкпардан ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі таратқан мәлімет көздеріне сүйенсек, тұңғыш ұйымдастырылған Жастар арасындағы Азия чемпионатына өтінім берген мемлекеттер қатары онға жуықтаған. «Қазіргі кезде Қытай, Венгрия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері спортшыларының жарысқа қатысатыны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, чемпионатта Малайзия, Түркия спортшылары да бақ сынауы мүмкін екендігі айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның Жамбы ату, Теңге ілу, Аударыспақ құрама командаларындағы спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынған болатынбыз.

Бүгін, чемпионатта командалық көкпардан ел намысын қорғайтын жас көкпаршыларды таныстыра кетуді жөн санадық.

Көкпардан ҚР Ұлттық жастар құрама командасының мүшелері:

Құрманбек Тұрғанбек (команда капитаны) - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Республиканың бірнеше дүркін чемпионы атанған «Әулие-Ата» командасының ойыншысы. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың төл шәкірті. Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері». ҚР Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі. Көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы (2013, 2014,2017, 2018, 2019). Көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2016 жыл). Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің жеңімпазы (2018 жыл). Сондай-ақ Дүниежүзілік ІІІ Көшпенділер ойындарында «Ең үздік көкпаршы» атағын иеленген (2018 жыл).

Жарылқасын Ернар (Жамбыл облысы)

Мәлімбай Ернат (Жамбыл облысы)

Камелхан Ернұр (Жамбыл облысы)

Серікжан Бақдәулет (Алматы облысы)

Мамыт Әділет (Түркістан облысы)

Әбдірахман Асхат (Түркістан облысы)

Асқаров Нұрлыбек (Қызылорда облысы)

Айтбай Жасұлан (Атырау облысы)

Әзімбаев Ерсұлтан (Жамбыл облысы)

Төлеп Нұрислам (Түркістан облысы)

Қарқабат Бекзат (Түркістан облысы)