деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 2007 жылмен салыстырғанда спорттық құрылыстардың саны 540 нысанға артты (2007 жылы-29 мың 307, 2008 жылы 29 мың 847). Сонымен бірге 38 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Жалпы спортпен және дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысатындар саны 2,5 миллион адамға жеткен.
«Штаттағы дене тәрбиесі қызметкерлерінің саны 1,5 мыңға артып, қазіргі кезде спорт саласында 35 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 27 мыңнан астамы немесе 83 пайызы дене тәрбиесі білімін алғандар»,-деді министр.
Сонымен бірге республикада 200 мыңнан астамды қамтитын 1 мың 80 спорт клубтары жұмыс істеуде.
Ұлттық спортпен, яғни қазақша күрес, ат спорты, тағызқұмалақ және басқа түрлерімен айналысуға ниет білдерігендердің саны артқанына тоқталған Т. Досмұхамбетов, қазіргі кезде елімізде ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатындар 200 мыңнан астам адамды құрайды деді.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 422 спорт мектептерінде 230 мыңнан астам жас спортшылар дайындалуда.