Ұлттық табиғи парктерді басқару моделі өзгереді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқарудың моделі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бизнес үшінэкологиялық қауіпсіздік шеңберінде ашық болуы тиіс. Kazakh Tourism ұлттықкомпаниясы елдегі 13 парктің аумағында туризмді осындай ұстаныммен дамытпақшы.

«Көлсайдағы басты проблема инфрақұрылым емес. Бастымәселе - туриске не ұсынамыз дегенмәселе. Туристің орналасатын жері, жалға беру бекеттері сияқты қосалқыдүниелері көп. Америка мысалын алатын болсақ, ол жақта бәрі жолға қойылған.Орналастын жер, құралдар мен көлікті жалға беретін бекеттер, аумақты аралайтынсоқпақтар мен жол сілтейтін көрнекі ақпарат нақты жасалған. Біз де сондайстандарттарға талпынуымыз керек», - дейді компанияның басқарма төрағасыныңорынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Ол үшін Kazakh Tourism ұлттық парктердің қолданыстағыбас жоспарларын қайта қарап шықпақ.

«Қолданыстағы бас жоспарлармен толық танысқаннан кейінөз ұсынысымызды береміз. Ұлттық парктерді басқарудың бұған дейінгі моделіэкологияға негізделген болатын. Ұлттықпарктерді жабық ұстау адамды табиғаттан алыстатып жіберуі мүмкін. Алхалықаралық тәжірибе экологияны сақтай отырып та, туристер санын арттыруғаболатынын көрсетіп отыр. Жаңа модельтуристер санын көбейту кезінде экологияға зиян келмеуін қадағалайтындей етіпдайындалады. Бұл тұрғыда біздің де санамыз өзгеруі керек. Халық ұлттық паркаумағына демалу үшін кіргенде «ол жерде соңыңда қоқыс емес, аяқ киіміңнің ізіғана қалсын» деген қағидатты ұстануы керек», - деді ұлттық компания өкілі.

Қайрат Сәдуақасов болашақта инвесторлар үшін ұлттықпарктер аумағынан жер телімдерін алу шарасы жеңілдеуі мүмкін екенін айтады.

«Бизнес парктерге кірген жағдайда қорық аумағындақазір қолданылатын экологиялық талаптардың бәрі сақталатын болады. Ерекшекүзетілетін аумақтар туралы заң бар өйткені. Жер учаскелерін беру рәсімдеріжеңілдеуі мүмкін. Шектелген шаруашылық қызметтің аясы кеңейтілуі мүмкін. Бірақбизнес жаппай кіре алмайды», - деді ол.

Фото: zhetysu.travel