Ұлттық тасымалдаушы жаңа вагондарды іске қосты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұрлы-Жол вокзал кешенінде Ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай отандық «Тұлпар Тальго» зауытында құрастырылған жаңа вагондардың тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«Жаңа вагондар – ол «Жолаушылар Тасымалы» компаниясы, бірқатар мемлкеттік органдар менБРК-Лизингтің бірігіп атқарған еңбегінің жемісі. Басты мақсат – әлеуметтік маңызды бағыттардақатынайтын жолаушыларға барынша жайлылық туғызу» - деп атап өттіКомпания Бас директоры Арман Сұлтанов.

Бұл вагондартұрақты түрде № 377/378«Алматы-Маңғыстау» бағыты бойыншақатынайтын пойыздардың құрамына тіркеледі. Сол себепті вагондарды Алматығажеткізу үшін бір реттік қосымша пойыз ретінде іске қосылып отыр. Жолаушылартарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін жасалып отырған шара. Алматыға бұл пойыз 20 сағатта жетіп,жолда 3 стансаға тоқтайды.

Плацкарт вагондары 54 орынғаесептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы 160 км/сағ.


Вагон ішіндекондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе және су қоры, екі биотуалет, видеобақылау жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 видеокамераорналасқан. Барлық бейне штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Әр купеде жәнекоридорда екі 220В қуат беретін розеткамен және ұялы телефонды қуаттандыруғаарналған екі USB-портпен қамтылған. Әр вагонда жолсерікке арналған тоңазытқышпен микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық суымен титан орнатылған.

Соныменбірге байланыс, диагностика және басқару жүйелері қарастырылған.

«Жылдың соңына дейін тағы 38 жаңа вагон сапарға шығады. Әр жыл сайын біз өзіміздің вагонпаркімізді жаңа 100 вагонмен толықтырып отырамыз» - деді Компания басшысы АрманСұлтанов.

Соңғы жаңалықтар