Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жоба іске қосылады
05:24, 17 Шілде 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру» жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында дайындауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жоба көтерме-тарату орталықтарын салуды көздейді, оның ішінде сақтау көтерме-тарату орталықтары, сауда көтерме-тарату орталықтары және тарату көтерме-тарату орталықтары бар», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, сәуір айының соңында өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде ұлттық тауар өткізу желісін құруды ұсынған еді.