Компания ақпаратына қарағанда, өткен тәуліктердің ішінде темір жолдың барлық учаскелері арқылы жүретін пойыздарға қосымша 70-тен астам вагон тіркелді. Бұл 5 мыңнан астам жолаушыны діттеген жеріне дер уақытында жеткізуге мүмкіндік берді.
«Темір жолмен жолаушыларды тасымалдауға жүктеменің артуына байланысты жолаушыларды діттеген жеріне дер уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шара қабылдануда. «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқа да қызметтері басшылығынан жасақталған топтан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», - делінген компания таратқан ақпаратта.
10:33, 21 Ақпан 2017
Ұлттық темір жол көлігіндегі тасымалдаушы жедел режімде жұмыс істеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық темір жол көлігіндегі тасымалдаушы қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті және республикалық маңыздағы бірқатар автомобиль жолдарының жабылуына орай жедел режімде жұмыс істеуде. Бұл жайында ҚазАқпаратқа «Жолаушылар тасымалы» компаниясынан хабарлады.