АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы кейбір тест сұрақтарында кемшіліктер кеткенін мойындайды. Бұл туралы бүгін «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Қали Әбдиев мәлім етті.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған сұрақ кітапшалары бірнеше рет тексерістен өтеді. Бірақ ол біздің баспаханада басылғандықтан, кейбір кемшіліктер болғаны рас. Атап айтқанда, физика пәнінен бір сұрақтың суреті кітапшаға түспей қалған. Орыс тілі пәні бойынша бір сөздің асты сызылмай қалған», - деді Қ.Әбдиев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.