Ұлттық тұтынушылар лигасына 4 мыңнан аса адам шағымданған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тұтынушылар ұлттық лигасына жыл басынан бері 4 мыңнан астам азамат шағымданған. Бұл туралы бүгін «Тұтынушылар ұлттық лигасы» ұйымының басқарма төрайымы Светлана Романовская мәлімдеді.

Оның айтуынша, шұғыл желіге 2015 жылы 4 195 адамнан қоңырау келіп түскен.

Сотқа дейінгі тәртіпте 28,7 млн теңге көлемінде материалдық шығын мен моралдық төлем төленді.

Тұтынушылар көбінесе тұрмыстық техниканың сапасына шағым білдірген.

С.Романовская оқу орындарында тұтынушы құқығы туралы сабақ өткізуді ұсынды.

«Біз ЖОО-ларды өкілдік ашамыз. Студенттерді оқытып, сауатты тұтынушы жасаймыз. Әлемнің 28 елінде пайдаланыла алатын арнайы оқулық басып шығардық. Сондай-ақ, бізге лиганың жанынан Consumers International-дың еуропалық кеңсесін ашу ұсынылды. Жақын арада ашылуы мүмкін. 140 елдің үздік технологиясы біздің кеңседе қолданылатын болады. Бұл бағытта біздің кәсіпкерлер дайын ба ол өзінше бөлек әңгіме», - деді ол.

Жүргізілген талдауға сәйкес, 2015 жылы өнімдерден 12 598 сынама алынып, оның 3 475-і, яғни, 28 проценті жарамсыз боп табылды.