«Петропавлдағы Әскери институт аумағында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық қажетті шұғыл-тергеу шаралары жүргізілді. Күдікті, институттың 19 жастағы курсанты ұсталып, Петропавл қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеудің материалдары әскери-тергеу басқармасына жолданды», - деп мәлім етті СҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты бүгін түс ауа пышақ жарақаттары салдарына н көз жұмды. Оқиғаға екі әскери қызметші арасындағы өзара түсініспеушілік себеп болған.