Оқиға 24 қазан күні түнгі сағат 23.00 шамасында болған. Жедел құрамның сарбаздары Астана қаласындағы Уәлиханов-Тархан көшелерінің қиылысынан қоңыр түсті әмиян тауып алады. Әмиян ішінде Насим Қалиев деген азаматтың атындағы 4 банк карточкасы және 90 000 теңге көлемінде қаржылай ақша бар екен.
Әскери жасақ бастығы, ефрейтор Ерасыл Сәрсенбаев қарамағындағы патрульдер Шамиль Авазов пен Нұрхан Темірғалиев осы жәйт туралы дереу патрульдік топ бастығы, лейтенант Ғабит Ғұламханға баяндайды.
Табылған әмиян әскери жасақ жөніндегі кезекші майор Спандияр Жолаевтың басшылығымен Алматы аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Көп ұзамай басқармаға жеткен әмиян иесі қызметтеріне адал ұлттық ұландықтарға риясыз алғысын білдірді.