«6 қыркүйекте сағат 12:15-те жауынгерлік қызметтен шығып, үйіне келе жатқан Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Арман Мұрзамұратов төртқабатты үйден секіргелі тұрған ер азаматты көреді. Сәл кідіріп, азаматтың әрекетін бақылау барысында оның нақты секіруге оқталғанын аңғарады. Жедел шешім қабылдаған әскери қызметші жоғарғы қабатқа көтеріліп, ер азаматтың артынан ақырын келіп, қолынан ұстап алады. Қарсыласқанына қарамастан, оны қауіпсіз жерге алып шығады. Кейін Арман Мұрзамұратов жағдайды полиция қызметкерлеріне хабарлаған», - делінген Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомство ақпаратына сәйкес, қазір полиция өзіне қол салмақ болған 24 жастағы азаматтың неліктен мұндай әрекетке барғанын анықтап жатыр.