Ұлттық ұлан жауынгерлері оралдық тұрғынды есірткімен ұстады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінің жауынгерлері оралдық тұрғынды есірткімен ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында Сұлтан Ілиясов, Марат Рамазанов, Оралбек Мыңтөре бар топ «Астана» сауда үйі ауданында, Әбілқайыр хан көшесі бойындағы «Сәкен» автокөлік жуу нысаны маңында кешкі сағат 21.00 шамасында қолына шпирц алып, білегіне инесін тыққан жас жігітті көреді. Куәгерлердің қатысуымен сырттай қарау кезінде оның қалтасынан орамаға салынған жасыл түсті есірткі заты табылды.

Ұсталған тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.

Қырағылық көрсеткені үшін аталған жауынгерлер әскери бөлім командирімен ынталандырылды.