2014 жылдың 28 наурызында Ішкі істер министрлігінің Орталық аймақтық Әскери-тергеу басқармасымен қозғалған қылмыстық іс Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорларымен тергелді.
Тергеумен аталған лауазымды тұлғалардың әскери қызметші М.Ж. Ережеповке қатысты жасалған қылмыс туралы жазылған арызды көрсетпеу жолымен қасақана жасырғаны, сонымен қатар Досаевтың Ермекбаевтан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 180 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды. 03 маусымында айыпталушылар М.К. Битенов және Р.А. Досалиев сотқа тартылды. Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотына қарау үшін жолданды.