«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Мемлекет басшысы.
14:23, 17 Шілде 2019
Ұлттық университет ректорларын Президент тағайындамайтын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдап, тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.