Шетелдік валюта бағамы сейсенбі күнгі таңертеңгі сауда-саттыққа қарағанда, 0,46 теңгеге төмендеді. Сессия барысында 1 доллардың ең төменгі бағамы 331,95 теңге, ең жоғарғы бағамы 333,3 теңге деңгейінде болды. Сауда көлемі 187,35 млн долларды құрады.
KASE-де сейсенбі күні 1 доллардың орташа бағамы таңертеңгі сессияда 333,13 теңге, күндізгі сессияда 332,58 теңге, екі сессияның қорытындысы бойынша 332,86 теңге болып, жалпы сауда көлемі 131,2 млн долларды құраған.