«ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12% дейін төмендетіледі. Ал жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі - сол деңгейде сақталады (1%)», - делінген баспасөз хабарламасында.
Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді Директорлар кеңесі және (немесе) «ҚДКБҚ» АҚ-ның жалғыз акционері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қайта қарауы мүмкін.