15:39, 04 Сәуір 2009
Ұлттық валютамыздың тұрақты болғанына мүдделі екенін барлық азаматтар түсінуі керек -М.Ломтадзе
АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Ұлттық банкінің басшысы жасаған валюта айырбастау орындарын жабу туралы ұсыныстың мақсаты – қолма қол валюта нарығын анағұрлым бақылайтындай ету.
Бұл туралы kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, бұл түсінікті нәрсе. «Қазір бүкіл әлемдік қаржы әлемінде өзгеріс жүріп жатқанда бірінші кезекте, мемлекеттің ұлттық мүддені, яғни Қазақстан тұрғындарын қорғап қалу үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын түсінген маңызды. Ұлттық валютамыздың тұрақты болғанына кім де болса мүдделі екенін барлық азаматтарымыз түсінуі керек», - дейді М.Ломтадзе.
«Ұлттық банктің ресми бағамынан әлдеқайда жоғары бағам бойынша теңгені өзге валютаға айырбастау тұрғындарды алаяқтарға ұрындырып, шығынға әкеп соғатынын біз бұған дейін де бірнеше мәрте мәлімдегенбіз. Айырбас орындарына қатысты бұл шешім нарықты валюталық алаяқтардан тазартатынына сенімдімін. Мұндай алаяқтар сәтін пайдаланып, қазақстандықтардың есебінен барынша пайда табатынына бәріміздің көзіміз жетті», - дейді kaspi bank басқарма төрағасы.