Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасында (KASE) бейсенбі күні шетелдік валюталардың таңғы сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының орташа бағамы 314,29 теңге болды. Сауда көлемі 65 млн 600 мың долларды құрады.

Осыған дейін техникалық себептерге байланысты қордың шетелдік валюталармен саудасының таңғы сесиясы тоқтатылғандығы айтылған болатын. Бұдан соң сауда шаралары қайта іске қосылып, сағат 11-30-ға дейін жалғасты.