Ұлттық ядролық орталық ғалымдарының жұмысы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықпен атап өтілді

АСТАНА.  Қарашаның 23-і.  ҚазАқпарат /Лина Славина/ -  Қазақстан Республикасының Ұлт­тық ядролық орталығы Ядролық физика институтының "Жетілдірілген эксперимент­тік ядролық-физикалық қондырғылары ба­засында ядролық және радиациялық фи­зика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиация­лық технологиялар кұру" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін   авторлар тобы  Елбасының    2009 жылғы  қарашаның 9-ындағы Жарлығымен   Ғылым  мен  техника саласындағы мемлекеттік сыйлықпен  атап  өтілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, фи­зи­ка-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Камалұлы Қадыр­жанов бастаған  авторлық   ұжымға: Ұлттық ядро­лық орталығының Ядролық физика инс­титуты зертханасының меңгерушісі, тех­ни­ка ғылымдарының докторы, профессор Ғадлет Андиянұлы Батырбеков,  Ұлттық ядро­лық орталығы бас директорының орын­басары Александр Николаевич Борисен­ко, Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, фи­зи­ка-математика ғылымдарының докторы, про­фессор Әлнұр Дүйсебайұлы Дүйсе­баев,  Ұлттық ядро­лық орталығының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының док­то­ры, профессор Жеңіс Рахметұлы Жота­баев, Ядролық физика институтының үдету кешені бөлімінің бас инженері Сергей Николаевич Лысухин,  Ядролық физика инс­титуты зертханасының меңгерушісі, фи­зи­ка-математика ғылымдарының докторы, про­фессор Олег Прокопьевич Максим­кин,  Ядролық физика инсти­ту­тының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Әділ Жианшахұлы Төлеуішев кіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлт­тық ядролық орталығы Ядролық физика инс­титутының "Жетілдірілген эксперимент­тік ядролық-физикалық қондырғылары ба­засында ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиация­лық технологиялар кұру"  жұмысы  екі  томнан тұрады.