Бұл заң жобасының мақсаты туралы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілі түсінік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасында әуе, темір жол және су көлігі салаларын реттеу үшін толықтырулар енгізілмек. Жеке су көлігі саласына қатысты көптеген түзетулер қарастырылған.
Атап айтқанда, су көлігі саласында ұлттық заңнаманы шектес мемлекеттердің заңнамаларына үйлестіру мақсатында теңіз көлігі саласындағы халықаралық конвенциялар ережелерін енгізу жоспарлануда. Бұл басқа мемлекеттердің аумағында теңізшілердің халықаралық стандарттарын дайындау мен дипломдау, Қазақстанда берілген теңізшілердің жеке куәліктерін танытуға мүмкіндік береді.
Техникалық куәландыру мен кемелердің сыныптамасын кімнің жүргізетініне байланысты кемелерді мемлекеттік тіркеу тәртібіне тәсілдерді өзгерту көзделуде. Бұл кемелерді тіркеу мәселелеріне байланысты қарым-қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. Өйткені кемені мемлекеттік тіркеу органының айқын анықтамасы берілетін болады.
Кемені мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеу кезінде кеме иеленушілердің көзделмеген шығыстарын алып тастауға және салықтық әкімшілік етуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жеке бизнесті дамытуды ынталандыру үшін уәкілетті органның бақылау қызметтерін қысқарту қарастырылуда.
Теңіз жолдарының жай-күйін, теңіз кемелері мен олардың сыныпталуына техникалық қадағалау жүргізілуін бақылау жөніндегі функцияларды қысқарту көзделеді.
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес теңіз кемелерін техникалық қадағалауды, кәуландыруды және сыныптауды тиісінше Қазақстан Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті орган және сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.