ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 12-14-інде ұлы әнші, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдық мерейтойы Батыс Қазақстан облысында республикалық деңгейде ұйымдастырылғалы отыр.
Облыстық мәдениет басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, алдымен меймандар әншінің туған жері Қаратөбе ауданына бет алмақ. Мұнда мерейтойлық шаралармен қатар әншілердің республикалық байқауы өткізілмек, онда бас жүлдеге автокөлік тігіледі.
Қыркүйектің 14-інде мерейтой Орал қаласында жалғасып, елге белгілі өнерпаздардың қатысуымен концерт қойылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).