Ұлы Дала мыңдаған жылдар бойы тағаттылықтың мекені болды - ҚР Президенті

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлы Дала мыңдаған жылдар бойы тағаттылықтың мекені болды. Тағаттылық - біздің қоғамымыздың адамгершілік нормасы.

Бұл туралы бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде.

Бұл жер әрқашан да бабаларымыздың ту тіккен жері болған. Енді мұнда біздің ұрпақтарымыз тату-тәтті өмір сүруде, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.