Теңге ілуден бірінші орынды Қарағанды облысының командасы алса, екінші орынды павлодарлықтар иеленді, үздік үштікті Алматы облысының жігіттері түйіндеді.
Жамбы атудан бірінші орын - ШҚО командасының еншісінде. Екінші орын қарағандылықтарға бұйырса, үшінші орында - Алматы облысы.
Асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, қазақ күресі бойынша іріктеу сындары Павлодар қаласында ұйымдастырылады. Естеріңізге салайық, ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы дала рухы» фестивалі еліміздің 4 облысында 3 ай бойы өтеді. Фестивальдің финалдық кезеңі Астана қаласында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, ертең «Қазанат» атшабарында сағ 15.00-де аударыспақ бойынша іріктеу жарыстары өтеді.