«Қазақ даласының тарихы тым тереңде жатыр. Сан ғасырлар осы далаға иелік еткен ата-бабаларымыз, үлкен өркениеттің, мәдени зор жетістіктердің, ғылым мен білімінің, ат үйрету, қазба-байлықтарды игеру, аңшылық, сауда-саттық сияқты үлкен істерді атқарғандықтарына тарих куә. Әсіресе, Ұлы даланың түркі әлемінің алтын бесігі болғандығы біз үшін, келер ұрпақ үшін зор мақтаныш. Ал Отырар мен Түркістаннан шыққан ойшылдарымыз Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Яссауидің түркі дүниесінің рухани көшбасшылары болғандығы біздің біліммен ерте бастан айналысқандығымыздың көрінісі», -дейді директоры Сұлтан Сраилов.
Сондай-ақ, оның айтуынша Елбасымыздың музей, кино, өнер саласына көрсетіп отырған қолдауы, әрбір саналы азаматтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатады.
«Өзім басқарып отырған «Наз» мемлекеттік би театры әрқашанда Елбасының бағдарламаларына сүйене отырып, репертуарларымызды кеңейтіп отырамыз. Театрдың бағыты ұлттық биді насихаттау болғандықтан, фольклор, тарих жағына мықты басымдылық береміз. Көрермендерімізді отансүйгіштікке, патриоттыққа шақыру мақсатында көптеген іс-шараларды ұйымдастырамыз. Сондықтан, ел мүддесіне арналған ірі жобалардың жүзеге асуына Мемлекет басшысының бұл бағдарламасы айнымас темірқазық десе де болады», - деп атап өтті театрдың басшысы.