Ұлы Қытай қорғанының беймәлім бөлігі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында Ұлы Қытай қорғанының бастапқы салынған кезеңіне жататын, бұрын беймәлім болып келген бөлігі табылды.

Көне қиранды Наньчантань ауылындағы Нинся-Хуэй автономды өлкесі аумағынан табылған, деп хабарлады China Daily газеті.

Зерттеушілердің айтуынша, сақталып қалған телім үш бөліктен тұрады, олардың жалпы ұзындығы 20 метр.

Құрылыстың сақталып қалған учаскелерінің басым бөлігі Мин династиясы кезеңіне жатады (1368-1644).