Қай қызмет істесе де өз қызметін беріліп істейтін еңбекқор, тынымсыз, ізденімпаз, ұйымдастыру қабілеті зор, адамдармен тіл табыса білетін іскер басшы болды. Ол уақыт талабын үнемі ескеріп, болашақты болжай білетін ойлы да, зерделі азамат еді. Оның елге жасаған еңбегі әлі күнге халық есінде,-деп аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов естеліктерінен еске салды.
Бүгін ұрпақтары Әнәпия ағамызға орнатылған ескерткіш-белгі айналасын абаттандырып отыр. Ұлы Отан Соғысының ардагері, «Құрметті теміржолшы» Әнәпия Ұзақбайұлы көзі тірісінде халқының сүйікті ұлына айналып, жастайынан еңбекке араласып, елі үшін қызмет етті. 1931 жылы Жаңақазалы станциясындағы фабрика-заводтық училищені үздік бітірген Әнәпия 1933-1940 жылдары Қазалы паровоз депосында паровоз машинисінің көмекші, Орынбор теміржолының Қазалы станциясындағы мектебінде саяси бөлім бастығының орынбасары, теміржол Комсомол ұйымының саяси бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 1940 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынған ол Ұлы Отан соғысына аттанды. Взвод командирі болып, Украина майданында Браянс, Вронеж, Курск қалаларын азат етуге қатысты. От пен оқтың ортасында жүрген жауынгер ағамыз бірнеше рет жарақат та алды. Сонда да майданнан қайтпаған ол Чехославакия, Полша жерлеріндегі шайқаста болып, Прага қаласын жауынгерлермен бірге жаудан азат етті. Еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, бірнеше медалдармен марапатталды. Әнәпия Ұзақбайұлы елге оралған соң да еліне қажырлы қызмет істеді. 1946-1949 жылдары Қазалы аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгеруші, кадр бөлімінің хатшысы болды. 1950-1953 жылдары Шалқар станциясындағы тораптық теміржол партия комитеті саяси бөлімінің бастығы, 1953-1957 жылдары Түркістан-Сібір теміржолы бойының саяси бөлім бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 1957-1961 жылдары Қазалы станциясындағы теміржол училищесінің директоры болып тұрған кезінде тігінші, станция кезекшілері мамандықтарын ашып, өзі басқарған училищенің оқу-материалдық базасын нығайтуға барынша күш жұмсады.