Госпитальдің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған шараға ҰОС, Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Қан майданда ерліктерімен ерекшеленген жандар тәуелсіздік бабалар арманы екендігін, енді елдіктің белгісі аспантүстес тудың қазақ төбесінде мәңгі желбіреп тұруы келер ұрпаққа аманат екендігін жеткізді. Жиналғандар Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен маңызына кеңірек тоқталып, қазақстандық патриотизм мәселесін талқылады.
Госпиталь бастығы, медицина ғылымдарының докторы Марғұлан Шәкіровтың айтуынша, бұл кездесу дәстүрге айналған.