Ұлы Отан соғысынан қалған бомба жарылып, бір адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Орлов облысының тұрғыны бомба жарылысынан зардап шекті.

Облыстық ІІМ басқармасының хабарлауынша, жарылыс дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған. Зардап шеккен жұмысшы жергілікті зауыт аумағынан табылған цилиндр тәрізді белгісіз металдан зілбалға жасамаққа әрекеттенген. Жарылыс салдарынан Новосиль ауданы орталығының тұрғыны ауруханаға түсті.

Сарапшылардың айтуларынша, табылған зат Ұлы Отан соғысы жылдарынан қалған авиациялық бомба. Полиция оқыс оқиға бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.