деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кітап Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шыққан күніне орай, Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті Қорының қолдауымен жарыққа шыққан.
Аталмыш қордың директоры Бектас Мұхамеджановтың айтуынша - «Мәңгілікке кеткендер» кітабын шығару Ұлы Отан соғысында елді, жерді қорғаған ардагерлерге деген құрметтің тағы бір белгісі. «Бұл өте сирек кездесетін кітап, онда тек соғыс жайында ғана емес, болашақ жайында да жазылған», дейді Б.Мұхамеджанов.
Кітап 500 дана таралыммен «Жібек жолы» баспасында басылып, республиканың кітапханаларында, жалпы білім беру мектептеріне, өлкетану мұражайына, ардагерлер ұйымына, қоғамдық ұйымдарға сый ретінде тарту етілмек.
«Мен соғыс алдында «Кім тірі қалса, біз жайында айтыңдар...» деген сөзді көп естідім. Мен тірі оралдым, енді соғыста бірге болған достарым жайында айтуға тиіспін. Бұл менің жауынгерлік борышым. Қазіргі таңда Қазақстанды үлкен міндеттер күтіп тұр, сондықтанда біз бірігуіміз керек. Ұлы Отан соғысы кезінде халық ауыз біршілікті сақтай отырып жеңіске қол жеткізген болатын», дейді кітап авторы.
Шара барысында сонымен қатар «Ауған соғысының ардагерлері мен «Казахстанская правда» атындағы Майдан клубының» ашылуы болды.