Абдолла Үсенов 1924 жылы Түркістан темір жолы стансасы, қазіргі Түркістан қаласында дүниеге келген.
Соғысқа дейін Түркістан вагон жөндеу депосының цех механигі болды.
1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 112-Рыльск-Коростень атқыштар дивизиясының құрамында Украина жерін жаудан азат ету үшін кескілескен шайқаста асқан ерлік көрсетті. Ол фашистің 8 танкісіне қарсы шығып, оны ілгері бастырмай, ерлікпен қаза тапты (7.12.1943, Украина).
Абдолла Үсеновке Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 24 тамызда берілді.