1914 жылы туған.
1942 жылы Семей қаласының әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.
Майдан шебінде 1944 жылдан бастап
болған 172-гвардиялық атқыштар полкі автоматшылар ротасының командирі, гвардия капитаны Г. Болтаев Одер өзенінің сол жағалауындағы жау қорғанысын бұзып өту және Зелов қаласын (Германия) алу кезінде ерекше көзге түсті.
Ленин, Александр Невский, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен аға сержант Г. Болтаев Кеңес Одағының Батыры атанды.