ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Елеуісов Жәнібек
Жәнібек Ақатұлы Елеуісов 1925 жылы Алтай өлкесі, Таулы-Алтай автономиялық облысы, Усть-Кан ауданындағы Тұрата ауылында туған.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, пулеметшілер бөлімшесінің командирі. Қазақстанда 1942 жылы мектепті бітірген. Мергендердің 6 айлық курсын бітірген соң 1943 жылы шілдеде Елеуісов 6-гвардиялық атқыштар дивизиясының 25-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Воронеж майданында ұрыстарға қатысты. Алғашқы ұрыстың өзінде пулеметшілер бөлімшесі жаудың 40-қа жуық әскерін жойып, 95 әскерін тұтқынға алды. Елеуісов жаудың 5 әскерін жойды. Ол Десна, Днепр және Припять өзендерінен өтудегі жойқын ұрыстарда ерекше көзге түсті. Елеуісов алғашқылардың бірі болып плацдармды құтқаруға жағдай жасады. Ерліктері үшін 16 қазан 1943 жылдары Елеуісовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Елеуісов Жәнібек 1946 жылы запасқа шықты. Соғыстан кейінгі жылдарда Жәнібек Елеуісов ұзақ уақыт Шемонайха ауданында тұрды, кейін Атырау қаласына көшті. Атырау облысы ДОСААФ (Армия, авиация және флотқа көмек көрсетудің ерікті қоғамы) комитетінде спорттық-атқыштар клубының басшысы болды. Черный Ануй аулының ортасында батырға қойылған ескерткіш бар.