ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Колчин Александр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды.

Колчин Александр 1922 жылы дүниеге келген.Соғысқа дейін Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында тұрған.

Майдан шебінде 1943 жылдың шілде айынан бастап болған.

Дала, Воронеж және 1-Украин майдандарында 79-жеке бай­ланыс полкінің құрамында соғысты. Днепрден өту кезінде байланыс желісінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Өз полкімен бірге Польшаны азат етуге, Бер­линге шабуыл жасауға қатысты.

Мәскеу қаласының Қызыл алаңындағы Жеңіс шеруіне қатысқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен А. Колчинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1974 жылы қайтыс болды.