ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Шәкенов Кенжебек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды. Сондай батырлардың бірі - Шәкенов Кенжебек.

1924 жылы бұрынғы Семей облысының Жар­ма ауданында дүниеге келген.

Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған.

184-гвардиялық атқыштар полкінің авто­матшысы, гвардияның қатардағы жауынгері К. Шәкенов 1943 жылдың қыркүйек айында алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен Дне­пропетровск облысы Мишурин Рог ауылының тұсында жүзіп өтті. Жаудың үш шабуылына тойтарыс беріп, дұшпанның 17 солдаты мен офицерін, ірі калибрлі пулеметін жойды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен К. Шәкеновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.