ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Варепа Иван

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды. Есімі тарихта мәңгі қалатын қаһармандарымыздың бірі - Варепа Иван.

1910 жылы бұрынғы Семей облысы Перьятенка ауылында дүниеге келген. Майданда 1943 жылғы тамыз айынан бастап болған.

Орталық, Сталин­град, Украин, 2-Бело­рус майдандарындағы шайқастарға қатысқан.

1943 жылғы қыркүйекте Днепр өзенінен өткен кезде көзге түсті. Гвардия кіші сержанты Варепа жауған оқ астында алғашқылардың бірі болып оң жағаға өтті.

Ленин, Александр Невский ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен И. Варепаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін туған ауылына оралды.