- Дәрігерлеріміз сенбі күні де осы бағытта жұмыстар жасап, қартарды жан-жақты тексеруге күш салды, - дейді орталықтың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Кенжәлі Тілеубердиев. - Жасыратыны жоқ, бұл күндері олар тіпті тегін жұмыс жасады. Адамзатты апаттан алып қалған ардагерлер саны қазір санаулы ғана. Ал оларға қандай құрмет жасаса да жарасады. Соны біздің дәрігерлеріміз жақсы түсінген.
Тексеруден өтуші ардагерлер шынында да дәрігерлердің қызметіне шын ризалықтарын танытып отыр.