Концерт бағдарламасына итальяндық композитор Антонио Вивальдидің аспаптарға арналған «Жыл мезгілдері», Concerto grosso d-moll, «Қос кернейге арналған концерт» атты шығармалары енді. Вивальди - барокко дәуірінің белгілі композиторларының бірі. Ол түрлі аспаптардың жеке орындауына арналған көптеген туындылар жазған. - «Астана Опера» оркестрінде үздік музыканттар жиналған, осы концерт соның айғағы, әрбір әртіс жеке партияда ойнай алады, - дейді «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкашысы Қаламқас Жұмабаева. Айта кетейік, театр жыл соңына дейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 12 концерт өткізуді жоспарлап отыр.
22:47, 04 Наурыз 2015
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Астанада «Вивальди музыкасы» атты қайырымдылық концерті өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 наурызда «Астана» Ұлттық сурет галереясының сахнасында «Вивальди музыкасы» атты концерті өтеді. Кеш «Астана Опера» театрының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған қайырымдылық концерттері аясында ұсынылып отыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.