ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Ленинград үшін шайқаста Ақмолада құрылған 310-атқыштар дивизиясының ерлігі ерен болды
Оның айтуынша, ақмолалық жауынгерлердің Ленинград үшін шайқаста қасық қаны қалғанша, жаумен алысып көрсеткен ерліктері өткен тарихтың ақтаңдақ беттерінде барынша көрсетіліп келеді.
«Сонау 1941 жылдың шілдесінен басталған Ленинград түбіндегі шайқас 1944 жылдың тамызында ғана аяқталған болатын. Бұл ұрыс даласындағы Ленинград қорғанысы ерлік пен қаһармандықтың айқын белгісі болып қала бермек. Аталған шайқаста ақмолалықтардың қосқан үлесі орасан зор. Ленинград түбіндегі шайқасқа алғашқы күннен бастап, оны қоршап алған жауды күйреткенше қатысқан 54- армия құрамында болған Ақмолада құрылған 310 атқыштар дивизиясының ерлігі ерен. Олар ұрысқа кіріскен 1941 жылдың қыркүйегінде Әскери Кеңес армиясының алғысын алған. 1944 жылы аталған дивизия Ленин, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталыпты. Бұл жөнінде мұрағат құжаттарында да кездеседі. Майдан шебіндегі сарбаздарға еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түліктер мен киім-кешектер және өзге де қажеттіліктер вагон-вагон жіберілгені белгілі. Соның ішінде 1942 жылдың басында Ақмоладан ауыр жүк тиелген 24 вагон азық-түлік өнімдері жіберілгені туралы мәлімет те бар. Осындай қызықты да маңызды мағлұматтар жарияланған мақалар сол тұстағы «Акмолинская правда» және Атбасар ауданының газетінде жарық көрген.
Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік мұрағаттың алтын қорына биыл Ақмола мен солтүстік аймақтардан құралған 106 кавалериялық дивизия жөніндегі жаңа құжаттар жиынтығы толықтырып отыр», - дейді Г.Салық.