Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Қазақстанда 282 мыңға жуық медаль дайындалды

СТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Қазақстанда 282 мыңға жуық медаль дайындалды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Мұғалов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай омырау медалі бекітілді. Онымен соғыс ардагерлері және жеңіске елеулі үлес қосқан тыл еңбеккерлері марапатталады»,-деді ол.

Бұл медальдер Өскемендегі монета зауытынды даярланғанына тоқталған баспасөз хатшысы, «жалпы 281 мың 900 медаль дайындалды. Бүгінде елімізде 14 мың 400 Ұлы Отан соғысы ардагерлері бар. Сонымен қатар тылда еңбек еткен 258 мың адамға осы омырау белгісі табысталады. Сәуірдің 20-сынан бастап жергілікті атқару органдары медальдерді тарата бастайды»,-деді.

Атап айтқанда, бұндай бірыңғай омырау белгісімен Ресей және басқа да мемлекеттер Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерін марапаттайды.