Бұл туралы «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау 5-8 сынып (1 топ) және 9-11 сынып (2 топ) оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр.
Әр топқа ұсынылған эссе тақырыптарымен, байқауға қатысу шарттарымен және жұмысқа қойылатын талаптармен Ережеден таныса аласыздар.
Әрбір облыстан, сондай-ақ әр топтан үш үздік жұмыстар анықталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. Ал республика бойынша үздік деп танылған жұмыстардың авторлары ҚР Білім және ғылым министрінің мақтау қағазымен марапатталады.
Эссені zhenis70esse@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу қажет.