Киім жиынтығына сұр түсті костюм, сұр түсті пальто (плащ), ашық көгілдір түсті берет пен галстук, ақ түсті жейде, қара түсті аяқ киім кіреді. Бұдан бөлек, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне бір жолғы материалдық көмек төлеу қарастырылған. Бүгінгі күні барлығы 5 мың адам әлеуметтік көмекпен қамтылды, соның ішінде ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар.
Сонымен бірге, Жеңіс күніне орай дәрі-дәрмектерге 2577 теңге мөлшерінде бір реттік төлемақы, Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы Қатаркөл көлінің сол жағалауында орналасқан қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған қалпына келтіру орталығында 50% жеңілдікпен санаториялық-курорттық ем алу қарастырылған. Мекемеде ұсынылатын қызметтер (14 күн): жатын орны, бекітілген тамақтану нормасына сәйкес күніне 5 рет тамақтану, ЕДШ, гидротерапия қызметтері, түрлі ванна процедуралары, мәдени-демалыс қызметтері, емдеу массажы. Қосымша ақылы қызметтер көрсетілуі мүмкін: тұз бөлмесі, фитобөшкелер, сазбен емдеу, парафин-озекериттік емдеу, деп жазылған елорда әкімдігінің ресми сайтында.