«Ұлы жібек жолындағы киелі жерлер» атты кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда  Әнуар Мамырайымовтың «Ұлы жібек жолындағы киелі жерлер» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл тақырып бойынша отыз жылдай жұмыс істеп келемін, осы «Ұлы жібек жолы» бойында салынған ескерткіштер, мавзолейлер, өте әдемі салынған ғимараттар тарихы мені үнемі қызықтыратын. Міне, бүгінгі  тұсауы кесілгелі отырған кітабым өзіміздің мәдени және  тарихи құндылықтарымызды оқырман қауымға кеңінен таныстырып, жеткізсем бе деген ойдан         жарық көрді. Кітап «Алматыкітап» баспасынан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығып отыр», дейді автор.

«Бұл кітап қазақ мәдениетімен танысып, тарихына үңілем деген адамдарға таптырмас құрал. Кітапта бүкіл «Ұлы жібек жолының» жүріп өткен жолы, қалалардың суреті бейнеленген. Сондай-ақ образды түрде түсінікті жазылған», дейді С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының директоры София Раева.