Кітапта 20 ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық кезінде 2 млн. қазақтың және шамамен жары миллион басқа ұлт өкілдерінің қаза табуы кеңінен баяндалады. 10 мың дана таралыммен жарық көрген басылым еліміздің барлық кітапханаларына, әсіресе бірінші кезекте мектептер мен жоғары оқу орындарына тегін таратылады.
«Бұл кітап қана емес, сонымен қатар орыс қаламгерінің азамат ретіндегі зор қадамы деп бағалауға болады. Ол біздерді біріктіре түсуімен де ерекшеленеді. Кітапта мизантрон Голощекинмен ғана байланысты оқиғалар берілмеген. Онда Ғабит Мүсіреповтің, Мекемтас Мырзахметовтің, Ғалым Ахметовтің ашаршылық жайлы бірегей естеліктері берілген», - деп атап өткен жазушы Елубай Смағұлов қазақ зиялылары атынан орыс жазушысы Валерий Михаловқа зор алғысын білдірді.
Айта кетейік, «Ұл жұт хроникасы» кітабы алғаш рет 1990 жылы орыс тілінде жарық көрген болатын. Оны журналист Талғат Айтбайұлы аударған еді. Ал жаңа басылымның аудармасымен ақын Ғұсман Жандыбаев айналысты.