Ұлыбритания 3000 психикалық науқастың миын Бельгияға жөнелтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін британиялық ғалымдар 3000 психикалық ауру науқастың миын Бельгияға жөнелтті. Коллекция Біріккен Корольдікте өткен ғасырдың ортасынан бері жиналған, деп хабарлады Svopi.ru.

Миды Лондоннан  Антверпенге тасымалдаған. Бельгиялық мамандар ми иелерінің психикалық ауруларының себептерін анықтайды.  Коллекцияда ми психикасының клиникалық күйзелістен шизофренияға дейінгі ауытқуының түр-түрі бар. Атап өту керек, Науқастардың ешбірі тірі кезінде тиісті емдеу шараларынан өтпегенін атап өткен жөн.