Елдің үкімет басшысы Дэвид Кэмерон атап өткендей, нақты айтқанда, педофильдерге өзара ақпарат алмасуға, сондай-ақ «құрбандықты» қалай табуға болатыны жайлы мәліметтер таратуға болмайды. Британия билігі мұндай шараны 90-ға жуық балаға қастандық жасаған американдық мұғалімнің іс-әрекетінен кейін қолға алуды ұйғарған.
15:32, 27 Сәуір 2014
Ұлыбритания билігі педофильдерге қарсы жазаны қатайтпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі балаларға қатыгездік көрсеткендерді жазалауды қатайтуға ниетті, деп жазады The Times. Енді мұнда кәмелеттік жасқа толмағандарға әлімжеттік көрсету заңды түрде террористік әрекетпен теңестірілетін болады.