Француз полициясы «Реал Мадрид – Ливерпуль» матчында ағылшын жанкүйерлерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен бұрыш спрейін қолданғаны үшін сынға ұшырады.
Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен британиялық футбол фанаттарына кінә артып, мыңдаған адамның билетсіз «Стад де Франс» француз стадионына баса-көктеп кіргенін атап өтті.
Полиция 105 адамды ұстады. UEFA өкілдері өз кезегінде матчтың кешігу себебін «қауіпсіздік мақсатымен» және британдық жанкүйерлердің жалған билет сатып алуы бойынша «кеш келгенімен» түсіндірді. Осыған байланысты турникеттер бұғатталып, мыңдаған адам ұзақ уақыт бойы кезекте тұрып қалған.