Жаңа базадан ғарышқа коммерциялық ұшырулар мен халықаралық рейстер жүргізіледі деп күтілуде. Үш айлық кеңестен кейін үкімет құрылысқа арналған орын бола алатын жерлер тізімінің санын беске дейін қысқартты. Ол Шотландиядағы Кэмпбелтаун, Глазго Прествик және Сторновей әуежайлары, Ньюквей (Англия) мен Лланбедр (Уэльс).
Жаңа ғарыш айлағы халықаралық ұшу уақытын қысқартады. Жобаға қатысушылардың айтуынша, болашақта Ұлыбританиядан Австралияға ұшу үшін 14 сағат емес, 2 сағат қана уақыт кетеді.